Categories Жайық news

Lukoil Қазақстаннан кетіп жатыр: ресейлік компанияның активтерін кім сатып алуы мүмкін?

АҚШ санкцияларына байланысты Ресейдің «Лукойл» компаниясы шетелдегі активтерінен, оның ішінде Қазақстандағы мұнай жобаларындағы үлесінен бас тартуға мәжбүр. Компания 17 қаңтарға дейін активтерді сату туралы мәмілені аяқтауы тиіс, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Reuters агенттігінің жазуынша, активтерді сатып алуға үміткерлердің қатарында америкалық Carlyle инвестициялық компаниясы, Chevron және Quantum Capital Group бірлестігі, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінің International Holding Company холдингі бар. Олардың барлығы жалпы құны шамамен 22 млрд долларға бағаланған активтерді сатып алуға ниетті.

«Бұл пакетке Қазақстан, Ирак және Әзербайжандағы кен орындары, сондай-ақ Еуропа мен АҚШ-тағы мұнай өңдеу зауыттары мен жанармай құю станцияларының желілері кіреді», — деп жазады агенттік.

Әзірге аталған компаниялардың ешқайсысы мәмілеге қатысты түсініктеме берген жоқ. Түпкілікті шешімді АҚШ Қаржы министрлігі жанындағы Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) қабылдайды. Дәл осы ведомство активтердің басқа қолға өтуіне рұқсат беруі керек.

Reuters дереккөздерінің айтуынша, OFAC келіссөздердің жалпы мерзімін ұзартуы немесе жекелеген лицензиялар беруі мүмкін. Бұған дейін Қаржы министрлігі қазан айында Gunvor компаниясымен және желтоқсанда Xtellus Partners-пен жасалмақ болған екі мәмілені бұғаттап тастаған.

Егер 17 қаңтарға дейін мәміле мақұлданбаса, ресейлік компания активтерді өз шарттарымен сату мүмкіндігінен айырылуы ықтимал.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің кептелісі: кезек 35 шақырымға жетті

Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым – Маштаково» шекаралық өткізу бекетінде жүк көліктерінің кептелісі пайда болды. Кезек…

БҚО-да полиция бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге қатысты жауапкершілік туралы еске салды

Аталған талап Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 75-бабының 3-тармағында көзделген. Заңға сәйкес қоғамдық…

«Қазгидромет» құрғақшылық қаупі бар өңірлерді атады

«Қазгидромет» шілде айында бірқатар өңірде құрғақшылық болуы мүмкін екенін ескертті.