Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту: мерзімі белгілі болды

Алматы халықаралық әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары 2025 жылдың соңына дейін аяқталады. Бұл туралы әуежай президенті Гокер Косе көлік министрі Нұрлан Сауранбаев пен Алматы әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сәттібаевқа баяндады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңарту аясында екі терминалдың инфрақұрылымы жаңғыртылып, жолаушыларға қызмет көрсету сапасы артады. Жобаның негізгі мақсаты – әуежайдың өткізу қабілетін арттыру және халықаралық стандарттарға сай ету.

«Біз терминалдарды заманауи талаптарға сай жаңартуды жоспарлап отырмыз. Бұл жолаушылардың жайлылығын арттырып, әуежайдың аймақтағы рөлін күшейтеді», – деді Гокер Косе.

Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жаңарту жұмыстарына республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті.

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізіп, экономика мен саяси бағытты жаңа…