Categories Жайық news

АҚШ-тан күтпеген шешім: 75 елдің, соның ішінде Ресей азаматтарына да виза беру тоқтатылды

Америка Құрама Штаттары Ресей мен тағы 74 елдің азаматтарына барлық виза түрін беруді уақытша тоқтатты. Жаңа шектеулер 21 қаңтардан бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Виза беру тәртібі қатаңдатылған елдердің қатарында Ресейден бөлек Иран, Бразилия, Ирак, Мысыр, Таиланд, Ауғанстан, Сомали және Йемен де бар.

«АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті үміткерлерді тексеру және іріктеу рәсімдерін қайта қарап жатқан кезеңде консулдық қызметкерлерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес виза беруден бас тарту тапсырылды», – делінген ресми хабарламада.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…