Categories Жайық news

Шерзат Полаттың өлімі: Жоғарғы сот сотталған екі жігіттің үкімін өзгертпеді

Жоғарғы сот жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотталған Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметтің үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Сот алқасы 15 жылға сотталған Азамат Тоқтаубаев пен 7 жылға бас бостандығынан айырылған Дидар Қалиахметтің кассациялық шағымын қарады.

Сотталушылардың адвокаттары біреуінің мүлдем кінәсіз екенін, ал екіншісінің бабын жеңілдетуді сұраған. Қорғаушы тарап олардың төбелеске қатысы жоғын және кінәларын дәлелдейтін айғақтардың жоқтығын алға тартты.

Алайда Жоғарғы сот қорғаушы тараптың уәждерін қабылдамады. Соттың мәліметінше, екеуінің де шабуылдаушылар тобында әрекет етіп, қақтығысқа белсенді қатысқаны толық дәлелденген. Осылайша, бұрын шығарылған сот үкімдері өз күшінде қалды.

Талғарда 2023 жылдың қазанында болған бұл қайғылы оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Жасөспірімнің өліміне қатысты іс бойынша жалпы тоғыз адам сотталып, олар бір жарым жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын алған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Ақсу маңындағы понтон көпір қайта суға батты

Ақсу қаласының маңындағы Көктас ауылында понтон көпір қайта суға батып, төрт ауыл тұрғыны көпірсіз қалды.…

Арал-Сырдария инспекциясы «Таза су айдындары» акциясының қорытындысын шығарды

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы аймақта өткен «Таза су айдындары» және «Уылдырық-2026» акцияларының нәтижелерін…

«Қауіпсіз балалық шақ» акциясы аясындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда

«Қауіпсіз балалық шақ» республикалық акциясы аясында Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы, Білім басқармасы…