Categories Қоғам

Шығармашылық мамандықтарға құжат қабылдау 20 маусымда басталады

Сурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Шығармашылық мамандықтарға түсетін талапкерлер үшін құжат қабылдау 20 маусым мен 10 тамыз аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, шығармашылық емтихандар 7 шілде мен 15 тамыз аралығында өтеді. Білім гранты конкурсына қатысушылар шығармашылық емтиханға өтінішті 7 шілдеге дейін беріп, емтиханды 20 шілдеге дейін тапсыруы керек.

Емтихандар дәстүрлі форматта, яғни офлайн режимде өткізіледі.

Грант конкурсына қатысу үшін талапкер тек бір мамандық пен бір жоғары оқу орнын таңдай алады. Ал ақылы негізде оқуға түсу кезінде басқа жоғары оқу орнында тапсырылған шығармашылық емтихан нәтижесін пайдалануға мүмкіндік бар, – деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.

Сондай-ақ бес пән бойынша ҰБТ тапсырған талапкерлер де шығармашылық бағыттағы мамандықтарға түсе алады. Ол үшін «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» пәндерінен шекті балл жинап, шығармашылық емтихан тапсыру қажет.

Құжат тапсыру кезінде талапкер бес пән нәтижесі талап етілетін мамандықты немесе шығармашылық бағытты өз қалауынша таңдай алады. Қосымша ақпарат алу үшін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына жүгіну ұсынылады.

Ұқсас жазбалар

Жарты жылда Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім алушылары 1200-ден астам жүлделі орын иеленді

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім…

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…