Categories Қоғам

Конституциялық құрылым түбегейлі өзгеріп, азаматтардың қатысуы мен құқықтары кеңейтіледі  

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау қажеттігі Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бесінші отырысында талқыланды. Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева жаңа түзетулер Конституцияның 77 бабына енгізіліп, негізгі заң мәтінінің 84 пайызын жаңартатынын, іс жүзінде барлық бөлім қамтылатынын айтты.

Имашева баяндамасында жобаның Преамбуласын толық жаңа редакцияда қабылдау, жаңартылған жалпыұлттық құндылықтар, мемлекеттің миссиясы, тарихи контекст пен елдің одан әрі даму бағыттарын көрсету көзделетінін атап өтті. Сонымен қатар «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім енгізіліп, төрт бөлімнің атауы мен мазмұнына өзгерістер енгізілмек.

«Конституциялық құрылымның негіздері елеулі түрде қайта қаралып, президенттік басқару нысаны сақтала отырып, бірыңғай мемлекеттік билік жүйесінің ұйымдастырылуы өзгереді. Азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысу нысандары кеңейтіліп, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктері күшейтіледі, Конституциялық Соттың Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі арта түседі. Осылайша, сөз жекелеген түзетулер туралы емес, Негізгі заңның мазмұны мен тұжырымдамалық тәсілдерін түбегейлі өзгертетін терең конституциялық жаңғырту туралы болып отыр»,- деді депутат.

Депутат сонымен қатар «Құқықтық актілер туралы» Заңның 26-бабының 9-тармағын еске салып, нормативтік актінің жартысынан астамы өзгерсе, оның жаңа редакциясы қабылданатынын атап өтті. Осыған сүйене отырып, жаңа Конституция қазіргі заман талаптарына, қоғам сұранысына және мемлекеттің стратегиялық даму мақсаттарына сай келетіні, тек құқықтық негізді ғана емес, сонымен бірге азаматтық құндылықтар мен мемлекеттің стратегиялық бағытын көрсететін құжат екені көрсетілді.

 

Ұқсас жазбалар

Жарты жылда Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім алушылары 1200-ден астам жүлделі орын иеленді

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім…

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…