Categories Жайық news

Нұрай Серікбайдың видеосы неге тарап кетті? ІІМ экс-полицейге қатысты ресми мәлімдеме жасады

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха марқұм Нұрай Серікбайдың жауап беріп отырған видеожазбасының таралуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұған дейін жәбірленуші тараптың адвокаты Сержан Нұрпейісов бұрынғы полиция қызметкерінің үстінен іске қатысты құпия дәлелдемелерді таратқаны үшін шағым түсірген болатын. Әңгіме марқұм қыздың күдіктіге ешқандай шағымы жоқ екенін айтқан видеожазбасы туралы болып отыр.

Игорь Лепеханың айтуынша, полиция департаменті қызметкерінің жазбаны таратуға еш құқығы болмаған.

«Оның бұлай жасауға құқығы болмады. Бірақ тағы да қайталап айтамын: іс қозғалды, осы әрекетке де құқықтық баға беріледі», – деді ол Сенатта өткен брифингте.

Вице-министр полиция қызметкерлерінің салғырттығына қатысты қылмыстық істің тергеу барысы туралы пікір білдіруден бас тартты. Ол тергеудің ресми аяқталуын күтуді сұрады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Оралда кәріз-сорғы стансасы іске қосылды

Өңірде инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі Президент тапсырмалары жүйелі орындалып келеді. Кейінгі 3 жылда су бұру…

БҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жауады: 27 мамырға ауа райы ескертуі

27 мамырда Батыс Қазақстан облысында ауа райы күрт өзгереді: жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.

БҚО-да 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой бағылады  

Өңірде 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой тіркелсе, оның 90%-ға жуығы еділбай тұқымына тиесілі. Бұл…