Categories Әлем

Көлік сатамын деп алдап, Ресейге қашқан алаяқ елге әкелінді

Ресейден экстрадицияланған алаяқ бірнеше адамды көлік сатамын деп алдап, ірі көлемде ақша жинаған. Ол ұзақ уақыт бойы іздеуде жүрген.

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті Қазақстан азаматы болып табылады. Ол әлеуметтік желілер мен хабарландыру сайттары арқылы арзан бағамен көлік сататынын айтып, алдын ала төлем алған. Ақшаны қолына алған соң, байланысқа шықпай кеткен.

«Ол бірнеше эпизодтан тұратын алаяқтық жасаған. Зардап шеккендердің саны оннан асады. Жалпы шығын көлемі 50 миллион теңгеден астам», — деді Бас прокуратураның ресми өкілі.

Күдікті Ресейге қашып кеткен, алайда құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысының арқасында ол ұсталып, Қазақстанға жеткізілді. Қазіргі уақытта оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Прокуратура азаматтарды сақ болуға шақырады: күмәнді ұсыныстарға алданып қалмау үшін, көлік сатып аларда тек сенімді дилерлермен жұмыс істеу керек, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан мен Қытай ғылым, білім және инновация саласында жаңа бастамаларды қолға алды

Қазақстан мен Қытай ғылым, білім және инновация саласында жаңа бастамаларды қолға алды. Вице-министр Гүлзат Көбенова…

Ормуз бұғазындағы дрон шабуылы: Трамп Иранды айыптады

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды Ормуз бұғазында кемелерге дрон шабуылын жасады деп айыптады.

Ормуз бұғазындағы ахуал: Иран бақылауды әлі де өз қолында ұстап отыр

АҚШ-тың арнайы делегациясы Абу Дабиге барып, Парсы шығанағындағы одақтастарымен қауіпсіздік пен Иранға қатысты ахуалды талқылады.