Categories Жайық news

«Құқықтық мәдениет – әділетті қоғамның негізі»

Казталов ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Құқықтық мәдениет» апталығы ұйымдастырылды. Апталықтың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың заңға деген құрметін арттыру, құқықтық сауаттылығын дамыту және құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.

Іс-шаралар аудан бойынша 20 жалпы орта білім беретін мектепте өткізілді. Апталық барысында ашық сабақтар, пікірталастар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, оқушыларға заң талаптарын сақтау мен азаматтық жауапкершіліктің маңызы түсіндірілді.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері оқушылармен кездесу өткізіп, өз қызметтерінің ерекшелігі, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары және кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі туралы жан-жақты мағлұмат берді. Кездесулер барысында балалар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Мұндай шаралар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастырып, олардың қоғамдағы өз орнын дұрыс түсінуге ықпал етеді. Құқықтық сауаттылығы жоғары ұрпақ – елдің ертеңгі тұрақтылығы мен дамуының кепілі.

Ұқсас жазбалар

Менің Оралым

Батыс Қазақстанның жүрегінде орналасқан Орал қаласы – тарих пен заманауи өркениет тоғысқан ерекше мекен. Еуропа…

Оралдың жылу жүйесі жаңарды

Қаланың инфрақұрылымдық жүрегі – жылу жүйесі. Әкім Мұрат Байменовтың айтуынша, соңғы жылдары бұл салада ауқымды…

Оралда жаңа мектептер салынып, білім инфрақұрылымы жаңарып келеді

Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов халық санының өсуіне байланысты жаңа мектептер салудың маңыздылығын атап өтті.…