Categories Жайық news

Павлодарда зейнеткерге тап берген ұры ұсталды: Ол әжейді дүкеннен үйіне дейін аңдыған

Павлодарда зейнеткерді үйінің кіреберісінде тонамақ болған күдікті ұсталды. Ол қарияны дүкеннен бастап аңдып, подъезге кіргенде тап берген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оқиға 11 наурызда Қамзин көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде болған. Күдікті зейнеткерді көкөніс дүңгіршегінің жанынан байқап, соңынан қалмай, үйінің подъезіне дейін аңдып барған.

Екеуі лифт күтіп тұрғанда, аз-кем тілдескен. Лифт келгенде ер адам әжейді алға өткізіп, артынша өзі кірген де, оның қолындағы азық-түлік салынған сөмкелері мен әмиянын жұлып алмақ болған. Шабуыл баспалдақ алаңында жалғасқан.

Бейнебақылау камераларына түсіп қалған жазбада оның зейнеткерді сөмкелерін тартып алу үшін баспалдақпен сүйреп бара жатқаны көрінеді. Алайда, әжейдің табанды қарсылық көрсетуінен кейін қаскөй ештеңе ала алмай, оқиға орнынан ізін суытқан.

Зейнеткердің арызынан соң жедел уәкілдер бейнежазбаларды зерттеп, күдіктінің жеке басын анықтады. Көп ұзамай ұсталған күдікті бұрын сотты болған Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Павлодар облысында шегірткеге қарсы 49 мың гектар өңделеді

Павлодар облысында 49 мың гектар алқапты шегірткеге қарсы өңдеу жоспарланған. 30 мың гектарда зиянкестер ошағы…

БҚО-да микроқаржы ұйымы 70 адамның атына заңсыз несие рәсімдеген

Батыс Қазақстан облысында микроқаржы ұйымы 70 адамның атына заңсыз несие рәсімдеген. Алаяқтар биометриялық деректерді қолданбай,…

Алматы облысында конкурдан чемпионат өтеді

27 маусым күні Алматы облысында ат спортының олимпиадалық түрі – конкурдан чемпионат өтеді. Талғар ауданындағы…