Жылдамдық шегі төмендеді деген хабарлама таратқан жігіт ұсталды

Әлеуметтік желіде жылдамдықты тіркеу шегі төмендеп, енді сағатына 2 шақырымға асырсаң айыппұл салынады деген бейнеролик тараған еді. Осы жалған ақпаратты таратқан адам полицияға ұсталды.

Бейнежазбада ер адам жылдамдықты тіркеу шегі төмендегенін айтып, асырса айыппұл болады деп сендірген. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері бейнероликтің авторын анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Қазіргі уақытта оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

«Бұл – әдейі таратылған жалған ақпарат. Халықты дүрліктірмеу үшін мұндай әрекеттерге жол берілмейді», – деді полиция өкілі.

Мамандар жылдамдықты тіркеу шегі өзгермегенін, бұрынғыдай сағатына 10 шақырымнан асырса ғана айыппұл салынатынын ескертеді. Жалған ақпарат таратқан адамға заң бойынша шара қолданылады.

Ұқсас жазбалар

Қатардағы зауытта жарылыс: 54 адам зардап шекті, 18 адам із-түзсіз жоғалды

Қатардың Рас-Лаффан қаласындағы зауытта жарылыс болып, 54 адам зардап шекті, 18 адам із-түзсіз жоғалды.

Қазақстанның 17 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» 22 маусым күні Астана қаласы мен еліміздің 17 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.…

22 маусымда еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

22 маусымда Алматы, Талдықорған, Теміртау және Қарағанды қалаларында ауа сапасы нашарлайды деп күтілуде.