Қонаевта ММА бапкері жасөспірім қыздарды жыныстық қудалаған: төрт құрбан үндеу тастады

Қонаев қаласында кәмелетке толмаған спортшы қыздар ММА жаттықтырушысын жыныстық қудалау үшін жауапқа тартуды талап етіп, бейнеүндеу жариялады. Олардың айтуынша, кемінде төрт қыз бапкердің әрекетінен зардап шеккен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қыздар әлеуметтік желіде таратқан видеода бапкердің оларға қысым көрсеткенін, ұятсыз әрекеттер жасағанын айтып, құқық қорғау органдарын іске араласуға шақырды. Олардың сөзінше, бұл жағдай ұзақ уақыт бойы жасырын келген.

«Біз енді үндемей отыра алмаймыз. Біз сияқты басқа да құрбандар болуы мүмкін. Әділдікті қалаймыз», – дейді зардап шеккендердің бірі.

Қазіргі уақытта полиция бұл факті бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Бапкердің есімі әзірге жарияланбады. Спорт мектебі әкімшілігі де жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Ұқсас жазбалар

Блогер Сәуле Базархан пластикалық операция кезінде қайтыс болды

Қазақстандық блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базархан пластикалық хирургия клиникасында операция кезінде қайтыс болды. Продюсер Гүлзира…

21 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Қазгидромет 21 мамырға болжам жасады: елдің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ күтіледі.

Ауа райы күрт өзгереді: Қазақстанда 21-22 мамырда не күтіп тұр?

Қазақстанда 21-22 мамырда ауа райы күрт өзгереді. Синоптиктер күшті жел, жаңбыр мен найзағайды болжап отыр.…