Кения президенті Уильям Руто Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Бұл – Африка көшбасшысының елімізге алғашқы ресми сапары, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен елге келген Кения президенті екіжақты байланысты жаңа деңгейге көтеруді жоспарлап отыр. Тараптар сауда-экономика, инвестиция және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.
«Біз Қазақстанмен қарым-қатынасты нығайтуға зор мән береміз. Бұл сапар екі ел арасындағы серіктестіктің жаңа дәуірін бастайды», – деді Уильям Руто.
Кения – Африканың экономикасы қарқынды дамып келе жатқан елдерінің бірі. Қазақстан үшін бұл аймақтағы маңызды серіктес. Алдағы уақытта бірлескен жобалар іске асырылып, сауда айналымын ұлғайту жоспарлануда.

