Астанада оқушылар төбелесі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада бір топ жасөспірім бірнеше мектеп оқушысын ұрып-соққан. Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу бастады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Зардап шеккен балалардың ата-аналарының айтуынша, шабуыл 10 және 11 маусымда болған. Белгісіз жасөспірімдер бес баланы соққыға жыққан, олардың біріне жасалған шабуыл бейнежазбаға түсіп қалған. Ата-аналар күдіктілердің кастет қолданғанын және кейбірінің профилактикалық есепте тұрғанын мәлімдеді.

Балалардың денесіндегі жарақаттар медициналық мекемеде тіркеліп, құқық қорғау органдарына арыз жазылған. Ата-аналар істің объективті қаралуын қамтамасыз ету үшін оқиға туралы ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы жариялаған.

«Ата-аналар бұл істің тиісті деңгейде бақылауға алынбай қалуынан қауіптенеді. Олар құзырлы органдардан оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаларды анықтап, олардың әрекеттеріне заң аясында құқықтық баға беруді сұрайды», делінген тараған хабарламада.

Астана қалалық полиция департаменті аталған жағдайдың бақылауда екенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, жанжалға қатысқан барлық жасөспірім бір-бірін бұрыннан таныған. Қазіргі уақытта олардың жеке басы анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті.

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізіп, экономика мен саяси бағытты жаңа…