Categories Көңіл ашар

«Сөйле, сурет»: Астанадағы көрме телефонға телмірген жалғыздықты әшкереледі

Ұлттық музейде суретші Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет» атты жеке көрмесі ашылды. Бұл – оның шығармашылық жолындағы 200-ші мерейтойлық көрме, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Көрмедегі туындылар заманауи қоғамның өзекті мәселелерін көтереді. Суретші адамдардың телефонға тәуелділігі мен жалғыздық сезімін, сондай-ақ жоғалған құндылықтарды қағаз бетіне түсірген.

«Менің жұмыстарым – үнсіздіктегі дауыс. Әр сурет – көрерменмен диалог. Біздің заманымызда адамдар бір-бірінен алыстап барады, ал мен сол алшақтықты көрсеткім келді», – дейді Аңсаған Мұстафа.

Көрмеге келушілер суретшінің ерекше стилі мен түс үйлесіміне тәнті болуда. Туындылардағы бейнелер мен символдар көрерменді ойландырып, терең сезімге бөлейді.

Аңсаған Мұстафаның шығармашылығы тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал. Оның еңбектері бірнеше халықаралық көрмелерде көрсетілген.

Ұқсас жазбалар

Қазақстандағы 286 музейде 4,5 млн жәдігер сақталған – Балаева

Аида Балаева Халықаралық музей күнінде еліміздегі 286 музейде 4,5 млн жәдігер сақталатынын мәлімдеді.

17 секундта жеңіп, 1 миллиардтан астам теңге алды: файтердің рекордтық жекпе-жегі

Лос-Анджелесте өткен шоуда файтер 17 секундта жеңіп, 1 миллиард теңгеден астам гонорар алды. Бұл оның…

PGL Astana 2026: 16 мың адам аренада, 500 мың онлайн көрді

PGL Astana 2026 турнирін 16 мың адам аренада, 500 мың адам онлайн көрді. Жартылай финалға…