Categories Жайық news

Жаңа өмірге жаңа серпін: БҚО-да заманауи спорт кешені ашылды

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Жаңа өмір ауылында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Жоба «Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен жүзеге асырылды.

Ашылу салтанатына облыс әкімі Нариман Төреғалиев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, ауыл тұрғындары және мердігер компания мен спорт саласының өкілдері қатысты.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында ауыл әлеуетін арттыру, өңірлерді дамыту, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуды басым бағыт ретінде атап өтеді. Бұл кешен – сол міндеттердің нақты нәтижесі. Соңғы үш жылда облыста 13 спорт нысаны пайдалануға берілсе, биыл 8 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның алтауы жыл соңына дейін аяқталады, – деді өңір басшысы Нариман Төреғалиев.

Жалпы аумағы 1,6 мың шаршы метрді құрайтын екі қабатты, 100 орындық спорт кешенінде волейбол, баскетбол, бадминтон, үстел теннисі мен ұлттық күреске арналған алаңдар қарастырылған.

«Жаңа өмір ауылында ашылған бұл кешен – қор компаниялар тобы атынан республика көлемінде пайдалануға берілген 18-ші спорттық нысан. Қазіргі таңда осындай заманауи кешендер 740 мыңнан астам тұрғынның игілігіне қызмет етіп жатыр. Жаңа нысан ауыл тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына серпін беріп, дене шынықтырумен тұрақты айналысуына барлық жағдайды жасайды деп сенеміз», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.

Ұқсас жазбалар

Второй шанс без угрозы для общества – депутат рассказала, что предусматривает амнистия к новой Конституции

Депутат Мажилиса Парламента Снежанна Имашева разъяснила порядок применения амнистии, приуроченной к принятию новой Конституции. Она…

Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде

Батыс Қазақстан облысында «Заң және Тәртіп» нарративі аясында БҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің алдын алу…

Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды

Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында отбасы институтын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды…