Categories Спорт

Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды

Сурет: kff.kz

Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан 2028 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Қазақстан ұлттық құрамасы өз тобындағы қарсыластарын анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Негізгі іріктеу кезеңіне 36 құрама қатысып, 12 топқа бөлінді. Кездесулер үйде және сырт алаңда өтетін жүйе бойынша ұйымдастырылады. Қазақстан құрамасы 6-топқа түсіп, Беларусь және Албания футзал құрамаларымен кездеседі.

Негізгі раунд ойындары 2026 жылдың қазан, қараша, желтоқсан айларында, сондай-ақ 2027 жылдың 22 ақпаны мен 3 наурызы аралығында өтеді. Іріктеу қорытындысы бойынша 12 топтың жеңімпаздары және екінші орын алған үздік төрт команда әлем чемпионатына жолдама беретін элиталық кезеңге тікелей өтеді. Ал өз тобында екінші орын алған қалған сегіз құрама келесі кезеңге шығу мүмкіндігін плей-офф арқылы сарапқа салады.

Еске сала кетейік, ұлттық құрама турнир фавориттерінің бірі саналады. ФИФА рейтингінде Қазақстан ұлттық құрамасы әлемдегі ең мықты ондықтың 8-сатысына жайғасқан.

Ұқсас жазбалар

Англия құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Мексиканы 3:2 есебімен жеңді

Англия құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Мексиканы 3:2 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Ұлыбритания Гран-приінде Ferrari маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Ұлыбритания Гран-при кезеңінде Шарль Леклер жеңіске жетіп, Ferrari командасына биылғы маусымдағы алғашқы жеңісті сыйлады.

Заңғар Нұрланұлы Уимблдон-2026 жасөспірімдер турнирінде жеңіспен бастады

18 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Уимблдон-2026 жасөспірімдер арасындағы «Үлкен дулыға» турнирінің бірінші айналымында жеңіске…