Categories Саясат

Министр Михаил Шайдоровпен жасалған келісімшарт туралы айтты

Сурет: Ақорда

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровпен жасалған келісімшарттың мәнін түсіндірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, олимпиада чемпионының жалақысына қатысты барлық мәселелер шешілген. Келісімшарт стандартты үлгіде жасалған және оған барлық спортшылар қол қояды. Ол БАҚ қысымымен жеке түрде әзірленбейді.

«Михаилмен жасалған келісімшарт мәселесі шешілді. Бұл – стандартты шарт, оған тек олимпиада чемпиондары ғана емес, барлық спортшылар қол қояды. Біз оны БАҚ қысымымен жеке түрде әзірлей алмаймыз», деді министр Үкіметтегі брифингте.

Ербол Мырзабосынов спортшыға талаптар дұрыс түсіндірілмегенін айтып, кінәлілер жауапқа тартылғанын атап өтті. Келісімшартты екі тарап бірге қарап шыққан, коммуникациядағы олқылықтар жойылған. Орындаушылар мен менеджерлер әкімшілік жазаға тартылды.

Министрдің айтуынша, Шайдоровпен типтік үлгідегі келісімшарт жасалған. Ол олимпиада чемпиондары мен төмен деңгейдегі спортшыларға бірдей міндеттер жүктейді. Келісімшарт бойынша төленген қосымша қаржы кері қайтарылмайды.

Ұқсас жазбалар

Көктемгі шақыру қорытындысы: Қазақстан әскері 21 мыңнан астам азаматпен толықты

Көктемгі шақыру науқаны аясында Қазақстанның Қарулы күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 18 бен…

Жаңа Конституция және білім экономикасы: ғылым мен жоғары білімнің стратегиялық басымдықтары

Жаңа Конституцияның күшіне енуі – ел тарихындағы маңызды кезең. Ата Заңда алғаш рет адам капиталын,…

Мемлекеттің заңсыз әрекеттерінен келтірілген залалды өтеу құқығы конституциялық деңгейде бекітілді

Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы — елдің негізгі заңы күшіне енді.