Categories Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Сурет:Aqorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Ақордада өткен салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың ел дамуына қосып отырған үлесін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына айрықша көңіл бөлініп жатқанын жеткізді.

Президенттің айтуынша, энергетика – Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар сала. Тұрақты әрі сенімді қуат көзінсіз қуатты мемлекет қалыптастыру мүмкін емес. Ол энергетика саласында қызмет ету елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін жауапты міндет екенін атап өтті.

– Сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесін әрбір отбасы, әрбір азамат күнделікті тұрмысында сезінеді. Әр үйге жарық пен жылу жеткізу – зор жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Қажырлы еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас жазбалар

Президент әлем чемпионын құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады – Бибісара…

Биыл Мемлекет басшысының ішкі және сыртқы саясаттағы жұмысы қарқынды болды

Сурет: Ақорда 2025 жыл Қазақстан үшін саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда маңызды кезең ретінде есте қалды.…

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды

Сурет:Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап,…