Батыс Қазақстанда Тілдер күні аталып өтті

Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен жастар қатысты.

Өз сөзінде аймақ басшысы бұл мерекенің ел бірлігін, мәдени әртүрлілікті және мемлекеттік тілдің мәртебесін айқындайтын күн екенін атап өтті. Сонымен қатар, тілдер мерекесінің ұлт ұстазы, қазақ әліпбиінің реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келуі халқымыздың ұлы тұлғасына деген ерекше құрметтің белгісі екенін айтты.

Соңғы жылдары өңірде мемлекеттік тілдің қолданылу ауқымы кеңейіп келеді. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, соңғы үш жылда 3 мыңға жуық тұрғын тегін қазақ тілі курстарында білім алған. Оның ішінде тыңдаушылардың 40 пайызы түрлі этнос өкілдері. Қазіргі таңда балабақшадағы бүлдіршіндердің 80 пайызы, мектеп оқушыларының 70 пайызы мемлекеттік тілде білім алуда. Ал жалпы халықтың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі 86 пайызға жеткен.

Мерекелік кеште өнер ұжымдары ұлттық әндер мен билерді орындап, жас өрендер патриоттық тақырыптағы өлеңдер оқыды. Шараға жиналғандар қазақ тілінің мәртебесін көтеруге бағытталған бастамаларды қолдайтынын білдіреді.

Ұқсас жазбалар

ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің тапсырмасымен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов тыл еңбеккері, саналы ғұмырын…

Волонтерлер жылы: Қазақстанның бастамасы әлемді біріктірді

Президент Тоқаевтың бастамасымен өткен Халықаралық волонтерлер жылы әлем елдерін біріктіріп, еріктілер қозғалысын жаңа деңгейге көтерді.

Қазақстанда ауа райы күрт бұзылады: 26-28 мамырда не күтіп тұр?

26-28 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт бұзылады: жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі. Синоптиктер сақтық…