Президент: Түркі тілдеріне ортақ терминология керек

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті басталды. Басқосуда Президент түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы түркі халықтарының ортақ тілдік мұрасын сақтау мен дамыту маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, терминологиялық бірлік түркі елдерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.

«Бізге ортақ терминдер мен ұғымдар жүйесін жасау керек. Бұл түркі тілдерінің ғылым мен технологиядағы орнын күшейтеді», – деді Президент.

Саммитте түркі мемлекеттері арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту мәселелері де талқыланды. Жиынға қатысушылар ортақ жобаларды жүзеге асыру жолдарын қарастырды.

Ұқсас жазбалар

Денесіне 1 келі есірткі жасырған шетелдік Қазақстанда ұсталды

Қазақстанға апиын тасымалдамақ болған шетелдік ұсталды. Ол денесіне 1 келі есірткі жасырған. Есірткі жеткізудің 9…

Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді: не күтіледі?

27-29 мамырда Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сапар барысында екіжақты қарым-қатынастар талқыланып,…

Астанада биыл 9 мектеп ашылады: оқушыларға 24 мың орын қосылады

Астанада жаңа оқу жылына дейін 9 мектеп ашылып, 24 мың орын қосылады. Әкім Жеңіс Қасымбек…