Categories Саясат

Зеленский Ресейдің энергетикалық нысандарына соққы жасайтынын мәлімдеді

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей тарапынан жасалған шабуылдарға жауап ретінде қарсы әрекеттерге баратынын мәлімдеді. Оның сөзінше, Украина енді Ресейдің энергетикалық инфрақұрылымын нысанаға алмақ.

«Біз Ресейдің соққыларына жауап береміз. Ресейдің энергетикалық нысандарын соққылайтын боламыз. Бұл соғыстың тезірек аяқталғанын қалаймыз. Бірақ Ресей бізді үздіксіз атқылап жатқанда, үнсіз қала алмаймыз», – деді Зеленский.

Бұл мәлімдеме Украина басшысының Словакия премьер-министрі Роберт Фицомен кездесуінде айтылды. Дегенмен Фицо энергетика мәселесінде байыпты үн қатуды жөн көрді.

«Энергетика бойынша біздің ұстанымымыз өзгеше. Бұл бағыттағы түйткілдерді тиісті министрліктер талқылауы тиіс», – деп қысқа қайырды словак үкіметінің басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Словакия үкіметі Ресейдің «Дружба» мұнай құбырына жасалған шабуылға байланысты Украинаны айыптаған еді. Себебі, Словакия экономикасы осы құбыр арқылы жеткізілетін ресейлік шикізатқа тәуелді.

Сарапшылардың пікірінше, Киевтің Мәскеудің энергетикалық инфрақұрылымын нысанаға алуы соғыстың жаңа кезеңге ұласуына әкелуі мүмкін. Ал Еуропа елдері, әсіресе Ресей энергиясына тәуелді мемлекеттер, бұл қадамға алаңдаушылық білдіруде.

Ұқсас жазбалар

Депутат ұсынысы: телефондағы қысқа қоңырауларға тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қысқа қоңырауларға тыйым салуды ұсынды. Бұл алаяқтықтан қорғауға бағытталған маңызды қадам.

Қазақстан мен Ресей парламенттері: ынтымақтастықтың жаңа деңгейі

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған қазақстандық депутаттар Ресейге ресми сапармен барып, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін…

«Hilton қонақүйін күштеп тартып алған»: депутат Бапи тексеруді талап етті

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи астанадағы Hilton қонақүйіне қатысты дауды тексеруді талап етті. Оның айтуынша, ғимарат…