Categories Жайық news

Тоқаев бизнеске үндеу тастады: Халыққа қамқор болу – парыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйлеп, отандық кәсіпкерлерге үндеу тастады. Ол мемлекет ұлттық буржуазияны қолдайтынын, бірақ бизнес те халыққа қамқорлық көрсетуге міндетті екенін жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы тарихта бай-қуатты азаматтардың қоғам дамуына зор үлес қосқанын еске салды. Олар білім беру ісі мен ағартушылық жобаларға белсенді демеушілік жасап, ұлттың өркендеуіне атсалысқан.

«Мемлекет ұлттық буржуазияны қолдайды, ал кәсіпкерлер өз кезегінде халыққа қамқор болуы керек», – деді Президент.

Сонымен қатар Тоқаев бизнесті корпоративтік волонтерлікті белсенді дамытуға шақырып, мемлекет қоғамдық қажеттіліктерге бей-жай қарамайтын кәсіпкерлерді әрдайым қолдайтынын баса айтты.

Осы орайда ол қайырымдылық және әлеуметтік жауапкершілік саласында ерекше көзге түскен бизнесмендерді марапаттау үшін биыл тағайындалған «Мейірім» ордені туралы да айтып өтті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті. ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жетіп, өртті…

Маңғыстаулық әйел балабақшада ұлының жарақат алуына байланысты әділ тергеуді талап етеді

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғыны Жанар Көмекбаева мемлекеттік балабақшада ұлының ауыр жарақат алып, мүгедек болып…

Каспий теңізінде ағыс алып кеткен екі адам құтқарылды

Каспий теңізінде демалып жүрген екі ер адамды қатты ағыс ашық теңізге қарай алып кеткен. Олар…