Categories Қоғам

80 мыңнан астам пайдаланушы әлеуметтік желілерде Жалпыұлттық коалицияның бастамасын қолдады

Жалпыұлттық коалиция қызметі аясында әлеуметтік желілерде пайдаланушылардың аватарларына тақырыптық рамка орнату бастамасы жүзеге асырылуда. Бүгінде 15 наурызға белгіленген жалпыұлттық референдум қарсаңында өз азаматтық ұстанымын жария түрде білдіріп, акцияға 88 мыңнан астам адам қосылды.

Twibbonize.com ашық платформасында арнайы «referendum2026» твиббоны жүктелді. Бірнеше күн ішінде өсу қарқыны бойынша ол ТОП-1 қатарына кіріп, сервистегі ең көп қолданылған твиббонға айналды. Сондай-ақ платформада басқа да бастамашылық акциялар орналастырылған. Қазіргі уақытта қолдаушылардың жалпы саны 88 мың адамға жетті. Жаңа Конституция жобасын қолдайтын азаматтар саны күн сайын артып келеді.

Онлайн-белсенділікке танымал қазақстандықтар да акцияға қосылды — блиц-шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева, Сидней Олимпиадасының жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков, бокстан Қазақстанның үш дүркін чемпионы Василий Левит, еңбек сіңірген өнер қайраткері Қаракөз Сүлейменова, музыкант Абай Бегей, продюсер Ренат Басит, «Дервиши» тобының солисі Дильмурат Бахаров, халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, актер Ерболат Төлеген және басқа да көптеген тұлғалар.

Бұл бастама Қазақстанның әр өңіріндегі пайдаланушыларды біріктіріп, азаматтардың ел болашағын талқылауға қатысуының жоғары деңгейін көрсете отырып, қоғамда ерекше назар аудартқан цифрлық форматтардың біріне айналды.

Тақырыптық рамканы төмендегі сілтеме арқылы орнатуға болады:

https://www.twibbonize.com/referendum2026

Ұқсас жазбалар

21 сәуір – Құрлық әскерлерінің құрылған күні

Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріндегі құрамы жағынан ең саны көп Құрлық әскерлері 1993 жылғы 21 сәуірде…

Аида Балаева: ҰБТ жүйесін жаңғырту – білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесін жетілдіру мақсатында Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) форматына бірқатар өзгерістер енгізу жоспарланып…

Проведен совместный профилактический рейд

10 апреля 2026 года проведён совместный профилактический рейд с участием представителей прокуратуры города Уральска и…