Categories Жайық news

Ұлттық қордан 1 млрд доллар бөлінеді: Ақша мұнай саласына жұмсалмайды

Ұлттық банк жеке сектор жобаларын қолдау үшін Ұлттық қордан 1 миллиард доллар бөлетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, бұл қаражат баламалы инвестициялар портфелі есебінен бағытталады.

«Инвестицияның негізгі бөлігі, яғни 500 миллион долларға дейінгі сома жеке капиталға жұмсалады. Сондай-ақ инфрақұрылымға 200-250 миллион доллар, жеке борышқа 200 миллион долларға дейін және венчурлік капиталға (стартаптарға) 50-100 миллион доллар бөлу жоспарланып отыр», — деді Әлия Молдабекова.

Бағдарлама аясында цифрландыру мен жасанды интеллект, логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және цифрлық инфрақұрылым сияқты салаларға басымдық беріледі.

Маңыздысы, бұл бастамаға мұнай және өндіру секторлары кірмейді. Негізгі мақсат – экономиканы әртараптандыру, экспорттық әлеуетті арттыру және жаңа технологияларды енгізу.

Инвестицияның басым бөлігі (70%) Қазақстан ішінде жүзеге асырылса, қалған 30%-ы Орталық Азия мен Кавказ елдеріне бағытталады. Бағдарламаны Ұлттық банктің еншілес ұйымы – Ұлттық инвестициялық корпорациясы басқаратын болады.

Ұқсас жазбалар

ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің тапсырмасымен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов тыл еңбеккері, саналы ғұмырын…

Өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады  

«Мектебім, саған мың алғыс!». Бүгін өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады. №52 жалпы орта…

«AMANAT» БАСТАМАСЫ: С.МЕҢДЕШЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЗАМАНАУИ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ БОЙ КӨТЕРДІ

Жаңақала ауданы Қырқопа ауылы С.Меңдешев ауылдық округіндегі мәдениет үйі бірнеше жыл бойы апаттық жағдайда жұмыс…