Рүстем Жаныаманов: «Дариға маған “сен керек боласың” деп айтқан, бірақ кейін Олжаспен кино түсірді»

сурет:ozgeris

Белгілі актер Рүстем Жаныаманов әріптесі Дариға Бадықованың жаңа фильміне қатысты пікір білдірді.

Журналистің «Бадықованың фильміндегі Олжастың рөлінде сіз болуыңыз мүмкін бе?» деген сұрағына актер күлкімен жауап берді:

 «Негізі Дариға кезінде маған хабарласқан болатын. “Рүстем, сен маған керек боласың” деп қана айтты. Ол өзі сондай — бәрін соңына дейін айтпайды. “Бір жоспарым бар еді, сен керек боласың, кейін сөйлесеміз” деді», — деді актер.

 

Бірақ көп ұзамай Рүстем Жаныаманов әріптесінің Олжаспен бірлескен жобасын көріп, таң қалғанын айтты.

 «Кейін қарасам, Олжас екеуі “бааам!” деп трекпен шықты. Кейін киносы шықты. Мен қуандым. Өзіне де айттым», — дейді актер.

Ұқсас жазбалар

Қытай шахтасындағы жарылыс: 90 адам қаза тапты, іздеу жалғасуда

Қытайдың Шаньси провинциясындағы көмір шахтасында газ жарылып, 90 адам қаза тапты. Құтқару жұмыстары жалғасуда.

Қытайдағы шахтада газ жарылды: 90 адам қаза тапты

Қытайдың Шаньси провинциясындағы көмір шахтасында газ жарылып, 90 адам қаза тапты. Бұл соңғы жылдардағы ең…

Астанада 1,1 млн көшет отырғызылып, 173 аумақ абаттандырылады

Астанада 173 аумақты абаттандырып, 1,1 млн көшет отырғызу жоспарланған. Жасыл желек пен инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары…