«АЛТЫН-ЕМЕЛ» ҰЛТТЫҚ ПАРКІНДЕ ҚҰЛАН САНЫ 3,5 МЫҢНАН АСТЫ

Жетісу облысындағы «Алтын-Емел» ұлттық паркінде құлан популяциясы жыл сайын тұрақты өсім көрсетіп келеді. Бұл жануарлар өңірге алғаш рет 1982 жылы «Барсакелмес» қорығынан әкелінген. Ол кезде парк аумағында небәрі 32 ғана құлан болған.

Бүгінде биологтар жүргізген соңғы санақ нәтижесі қуантты: «Алтын-Емелде» құлан саны 3,5 мыңнан асқан. Сарапшылардың айтуынша, бұл – Қазақстандағы ғана емес, бүкіл өңірдегі керқұланның ең ірі әрі тұрақты популяциясы.

Мамандар мұндай өсімді ұлттық парктегі қорғалатын режимнің күшеюімен, табиғи жайылымдардың жеткіліктілігімен және климаттық жағдайлардың құланға қолайлы болуымен байланыстырады.

Ұқсас жазбалар

Конституция күніне орай екі күн демалыс берілуі мүмкін бе?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Конституция күніне байланысты демалыс күндерінің санын көбейту…

Астанадағы екі көшеге еуропалық атау беріледі

Астана әкімдігі екі көшеге еуропалық атау беру туралы қаулы қабылдады. Е754 көшесі София, ал «Astana…

Аустралия жағалауында киттердің үлкен қорымы табылды

Қытай ғалымдары Аустралияның оңтүстік-батыс жағалауында теңіз жануарларының 10 миллионнан астам қалдығы болуы мүмкін алып теңіз…