Ердоған: «Израильді тоқтататын жалғыз жол – қатаң санкциялар»

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израильдің Таяу Шығыстағы қадамдары аймақтық тұрақтылыққа тікелей қауіп төндіріп отырғанын айтты.

Дохада өткен Ислам ынтымақтастық ұйымы мен Араб мемлекеттері лигасының саммитінде сөйлеген сөзінде ол мұсылман елдерін Израильге қарсы нақты әрі ауыр экономикалық санкциялар қабылдауға шақырды.

Ердоғанның пікірінше, Палестинаны мойындау — дұрыс қадам, бірақ ол шынайы нәтиже беруі үшін қатаң шаралармен бекітілуі тиіс. Түркия басшысы халықаралық құқық аясында Израильдің әрекеттерін сотқа жеткізу қажеттігін де алға тартты.

«Егер қысым жасалмаса, Израиль оккупациялық саясатын жалғастыра береді», — деді ол.

Анкараның өзі бұл бағытта алғашқы қадам жасап, Израильмен сауда-саттықты тоқтатқанын және жылына 9,5 миллиард доллардан бас тартқанын мысалға келтірді.

Ұқсас жазбалар

Түркияның үздік ЖОО-да тегін оқу: Қазақстан азаматтарына арналған «Абай – Акиф Ерсой» стипендиясы іске қосылды

Қазақстан азаматтары Түркияның үздік оқу орындарында тегін оқи алады. «Абай – Акиф Ерсой» стипендиялық бағдарламасы…

50 жасқа дейінгі әскерге бармаған ерлерді қайта даярлау ұсынылды

Қазақстанда әскерге бармаған 50 жасқа дейінгі ер азаматтарды қайта әскери даярлықтан өткізу ұсынылды.

Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен ұсталды: Абай аудандық бөлімінің қызметкері қамауда

Оралда Абай аудандық полиция бөлімінің 25 жастағы қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде кәмелетке толмаған қызды…