АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент: «Кирилл Дмитриев – өтірікші, пропагандашы»

АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент Ресей президентінің өкілі Кирилл Дмитриевті және Мәскеудің экономикалық саясатын қатты сынға алды.

Министрдің айтуынша, Дмитриев Ресейге салынған санкциялардың салдарын жасырып, халыққа жалған ақпарат таратып отыр.

“Кирилл Дмитриев деген – санкцияның салдары жайлы өтірікті шіміркпей айтатын өтірікші пропагандашы”, – деді Бессент.

 

Бессенттің сөзінше, Ресей экономикасы ауыр дағдарысқа тап болған:

Елдің экономикалық өсімі нөлге тең;

Инфляция 20%-дан асып кетті;

Мұнай экспортының табысы 20%-ға азайды.

Сонымен қатар министр Ресейге қолдау көрсетіп келген серіктестердің де теріс айналып жатқанын айтты:

“Үндістан Ресейден мұнай сатып алуды тоқтатты. Ал Қытайдың жарты компаниясы Мәскеумен жұмысты доғарды”, – деді ол.

Бессенттің айтуынша, Батыс санкцияларының басты мақсаты —
Путинді келіссөз үстеліне отырғызу және Ресейді соғысты қаржыландыру көзінен айыру.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда Аналар күні: биыл 10 мамырда атап өтіледі

Қазақстанда Аналар күні биыл 10 мамырда атап өтіледі. Бұған дейін қазанда тойланса, енді мамыр айына…

Қазақстанда Аналар күні: биыл мамырдың екінші жексенбісінде тойланады

Қазақстанда Аналар күні 10 мамырда атап өтіледі. Мереке мамырдың екінші жексенбісіне сәйкес келеді. Бұған дейін…

Жангелдиндегі қанды қырғын: Сәрсенәлиевтің ісі сотқа жолданды

Жангелдиндегі қанды қырғынның күдіктісі Нұрлан Сәрсенәлиевтің ісі сотқа жіберілді. Сот отырысы жақын арада басталады.