Тоқаев ет экспорты үшін әуе жүк жүйесін қайта құруды талап етті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы өнімдерін үздіксіз экспорттау үшін әуе тасымалын тиімді пайдалану қажет екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысының айтуынша, Парсы шығанағындағы бірнеше ел Қазақстаннан ет өнімдерін жыл бойы тұрақты жеткізуді көздеп отыр. Бірақ қазіргі таңда отандық әуе жүк инфрақұрылымы бұл сұранысқа толық жауап бере алмай отыр.

Тоқаевтың сөзінше, ауыл шаруашылығы өнімдерін әуе арқылы тасымалдау жүйесі реттелмеген, ал логистикадағы олқылықтардың салдарынан кәсіпкерлер өз өнімін сыртқа шығаруда түрлі қиындыққа тап болады.

Президент жаһандық болжамдарға да тоқталып өтті. Сарапшылар алдағы он жылда мал етіне деген әлемдік сұраныс 233 миллион тоннаға дейін өсетінін айтады. Қазақстан осы нарықтың әлеуетті ірі қатысушыларының біріне айнала алатынын баса айтқан Тоқаев, алдымен Азия бағытындағы экспортты күшейту қажеттігін жеткізді.

Қой етінің экспортында еліміз әзірге Моңғолия, Нидерланд, Испания және Франциядан кейінгі орында. Соған қарамастан, Қазақстанда жайылымдық кеңістік мол, бұл – қой шаруашылығын дамытып, экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік беретін фактор. Тоқаев осы саладағы толық әлеуетті ашу үшін жүйелі шаралар қажет екенін атап өтті.

сурет: Aqorda

Ұқсас жазбалар

Тарихи ескерткіштерді бүлдіргендерге 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі

ІІМ тарихи ескерткіштерді бүлдіргендерге 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертті.

Астанада көпқабатты үйден өрт шықты: тұрғындар эвакуацияланды

Астанадағы көпқабатты үйден шыққан өрт салдарынан тұрғындар эвакуацияланды. ТЖМ құтқарушылары тілсіз жауды тез ауыздықтап, зардап…

Астана аспанында әскери ұшақтар пайда болады: себебі неде?

15 мамырда Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшады. Қорғаныс министрлігі бұл жоспарлы жаттығу екенін мәлімдеді.