Categories Жайық news

Жамбыл облысында екі сәбиін терезеден лақтырып жіберген әйел ұсталды: балалардың жағдайы белгілі болды

Жамбыл облысында екі кішкентай баланы терезеден лақтырып жіберген әйел ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол сәбилердің анасы болуы мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмаған екі бала ауруханаға жеткізілді. Қазір қажетті кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2021 және 2023 жылы туған сәбилерге дәрігерлер «жабық ми-бас сүйек жарақаты» және «ми ісінуі» диагнозын қойған. Үлкен баланың жамбас сүйегі де сынып, орнынан жылжып кеткені анықталды.

«Екі балаға да бас миына, кеуде қуысына, жамбас сүйектеріне компьютерлік томография жасалды және лапароцентез (іш қуысындағы артық сұйықтықты алу) жүргізілді. Сондай-ақ мидың ісінуіне қарсы терапия жасалды», – делінген басқарма хабарламасында.

Енді дәрігерлер үлкен сәбидің жамбас сүйегіне ота жасауға дайындалып жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік…

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…