Categories Жайық news

Еліміздің үш облысында жол жабылды: Жүргізушілерге ескерту жасалды

Қазақстанның үш бірдей облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолаушылар автобустары мен дизель отынымен жүретін көліктер үшін жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Шығыс Қазақстан облысы

Кешкі сағат 17:00-ден бастап мына жол учаскелері жабық:

  • «Өскемен – Семей» тасжолының 10-103 шақырымы (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін);
  • «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсанды айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» тасжолының 1103-1321 шақырымы (Абай облысының шекарасынан ҚХР шекарасына дейін);
  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» тасжолының 1013-1062 шақырымы (Глубокое бұрылысынан РФ шекарасына дейін).

Жолдар шамамен 19 қаңтар күні таңғы сағат 10:00-де ашылады.

Абай облысы

Сағат 17:00-ден бастап мына бағыттарда шектеу бар:

  • «Өскемен – Семей» тасжолының 103-198 шақырымы (Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейін);
  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» тасжолының 971-1013 шақырымы (Қалбатаудан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін);
  • «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсанды айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» тасжолының 1087-1103 шақырымы (Боғас бұрылысынан ШҚО шекарасына дейін).

Бұл учаскелер де 19 қаңтарда таңғы сағат 10:00-де ашылады деп жоспарланған.

Сондай-ақ сағат 19:00-ден бастап облыстың тағы бірнеше жолында қозғалыс шектелді:

  • «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсанды айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» (Өрлітөбе өткізу бекеті) тасжолының 756-1087 шақырымы (Семейден Боғас бұрылысына дейін);
  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» тасжолының 778-967 шақырымы (Аягөзден Қалбатауға дейін);
  • «Семей – Қайнар» тасжолының 8-284 шақырымы (Семейден «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» жолына дейін);
  • «Семей – РФ шекарасы» («Ауыл» өткізу бекеті) тасжолының 2-1,13 шақырымы (Семейден РФ шекарасына дейін);
  • «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» тасжолының 320-941 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасынан Боғас бұрылысына дейін).

Бұл жолдар 19 қаңтар күні таңғы сағат 08:00-де ашылуы мүмкін.

Қарағанды облысы

Сағат 19:00-ден бастап «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» республикалық маңызы бар тасжолдың 219-320 шақырымында (Қарқаралыдан Абай облысының шекарасына дейін) көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Жол 19 қаңтар күні таңғы сағат 08:00-де ашылады деп күтілуде.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Әлемді дүрліктірген Эпштейн ісі: Жаңа құжаттарда Назарбаев пен Мәсімовтың аты аталды

Америкалық миллиардер Джеффри Эпштейннің ісіне қатысты жарияланған құжаттарда Қазақстанның экс-президенті мен ҰҚК бұрынғы төрағасының есімдері…

Бурабайдағы мектеп асханасынан шу шықты: Директор жұмыстан қуылды

Ақмола облысында мектеп асханасындағы заңбұзушылықтардан соң мектеп директоры қызметінен босатылып, бірнеше адам жазаланды.

ОБЛЫС АКТИВІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫН ҚОЛДАДЫ  

Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен жаңа Конституция жобасын талқылау жөніндегі алқа отырысы өтті. Жиынға мемлекеттік…