Categories Жайық news

Қауіпсіз өңір» жобасы аясында жастармен құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті

 

Бүгін БҚО-ның Теректі ауданында “Қауіпсіз өңір” жобасы аясында «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында жастармен маңызды кездесу ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға деген құрметті арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Кездесуге Теректі ауданы прокуратурасының аға прокуроры Талғат Бисенов пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Ренат Рахимов арнайы қатысып, ашық форматта жастармен еркін пікір алмасты. Құқық қорғау саласының мамандары жастармен нақты мысалдар арқылы заң талаптарының орындалуы, азаматтық жауапкершілік, құқықтық нормаларды сақтау және қоғамдық тәртіптің маңыздылығы жөнінде кеңінен әңгіме өрбітті.

Шара барысында құқық қорғау органдарының өкілдері қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі болып отырған киберқылмыс, интернеттегі алаяқтық әрекеттер, нашақорлықпен күрес және жастар арасындағы әкімшілік құқықбұзушылықтар тақырыптарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Сондай-ақ, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, өмірлік жағдаяттарға қатысты құқықтық кеңестер ұсынылды.

Аталған кездесу – құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстардың бір көрінісі. Мұндай ашық диалог алаңдары жастардың құқықтық жауапкершілігін нығайтып қана қоймай, оларды қоғам өміріне белсенді әрі саналы азамат ретінде қалыптастыруға ықпал етеді.

«Қауіпсіз өңір» жобасы аясында осындай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Бұл – қоғамдағы заң үстемдігін нығайтып, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жолдарының бірі.

 

«Теректі жаңалығы» газетінің тілшісі

Алтынбек Қайырғалиев

Ұқсас жазбалар

Олжас Бектенов жаңартылған Конституцияның басты басымдықтарын атады

Премьер-министр ғалымдармен кездесуде жаңартылған Ата Заңның саяси жүйені тұрақтандыратынын және адам құқығын басты орынға қоятынын…

Депозиттен тиімдірек: Қазақстандықтар капиталын қайда инвестициялап жатыр?

Қазақстандықтар банк депозиттерінен бас тартып, капиталын облигация, акция және жылжымайтын мүлікке салып жатыр. Сарапшы пікірі.

Трамп АҚШ-ты 53 штатқа дейін кеңейту туралы әзілдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтондағы кешкі аста Канада, Гренландия және Венесуэла есебінен Американы кеңейту туралы…