Аптап ыстық: Қазақстанның 8 өңірінде өрт қаупі төтенше деңгейге жетті

Қазақстанның 8 облысында өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейге жетті. Синоптиктер дауылды ескерту жариялап, халықты сақ болуға шақырып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» мәліметінше, 28 маусымда еліміздің басым бөлігінде күннің ашық әрі ыстық болуы күтіледі. Тек солтүстік өңірлерде ғана жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

«Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Жетісу аймағында өрт қаупі төтенше сақталады», — делінген ресми хабарламада.

Мамандар бұл күндері орманды алқаптарда, далалы жерлерде от жағуға, қоқыс түтетуге қатаң тыйым салынатынын ескертеді. Тіпті, шыны қалдықтары да өртке себеп болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында жағдай ерекше бақылауда. Өңірдегі орман шаруашылығы қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ауа температурасы +35 градустан асып, өрттің тарау қаупін арттырып отыр.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев: Қазақ армиясына әлем елдерінің сенімі зор

Президент Тоқаев әлем елдерінің қазақ армиясына деген сенімі жоғары екенін айтты.

Тоқаев Кенжебай Мәденовтің ұлына Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кенжебай Мәденовтің ұлына Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін тапсырып, ерлік мәңгі есте…

Қыста көлік қыздыруға тыйым салына ма? Жаңа өзгерістер

Қазақстанда қыста автокөлікті ұзақ уақыт қыздыруға қатысты уақытша шектеулер қайта қаралуы мүмкін. Ішкі істер министрінің…