Categories Жайық news

Қазақстанда мұғалімдер кедейлене бастады: Жалақы инфляциядан жеңілді

Қазақстанда мұғалімдердің орташа жалақысы өскенімен, инфляцияның кесірінен олардың нақты табысы 4,1%-ға азайған. Бұл ұстаздар қауымының сатып алу қабілеті төмендегенін білдіреді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бірінші кредиттік бюроның (ББК) мәліметінше, қағаз жүзінде ұстаздардың орташа айлығы 322,7 мың теңгені құрағанымен, қымбатшылық бұл өсімді толығымен «жеп қойған». Сарапшылар мұғалімдер табысының нақты төмендеуі 2023 жылдан бері байқалып отырғанын атап өтті.

Әсіресе орта білім беру саласындағы жағдай күрделірек. Бұл саладағы мамандардың нақты табысы 6,1%-ға дейін құлдыраған.

Бұл көрсеткіш 2019-2021 жылдармен салыстырғанда үлкен айырмашылықты көрсетеді. Сол кезеңде мұғалімдердің жалақысы жыл сайын орта есеппен 17,8%-ға тұрақты өсіп отырған еді.

Қазіргі таңда білім беру саласында 1,1 миллион адам жұмыс істейді. Бұл – еліміздегі барлық жалдамалы қызметкерлердің үштен біріне жуық.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті: арнайы дабыл қосулы болған

Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға кезінде арнайы дабыл шамдары қосулы болған.…

Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді

Қазақстандағы ең ірі жаңа кеме Оралда суға түсіріліп, оған Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Кеме «Зенит»…

«ӨСУ КАПИТАЛЫ: АЙМАҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Оралда БҚО әкімдігі мен прокуратурасының ұйымдастыруымен «Өсу капиталы: аймақтың жаңа мүмкіндіктері» атты инвестициялық форум өтті.…