Categories Жайық news

Ақтөбе облысында алыс аудандардағы жүкті әйелдерге арналған «Салауатты ана» пансионаты ашылды

Ақтөбе облысында алыс аудандардағы жүкті әйелдерге арналған «Салауатты ана» пансионаты ашылды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Ақтөбе облысы әкімдігінің бастамасымен облыстық перинаталдық орталық базасында жүкті әйелдерге арналған жаңа әлеуметтік-медициналық нысан – «Салауатты ана» пансионаты өз жұмысын бастады.

Нысанның басты мақсаты – ана мен баланың денсаулығын қорғау, жүкті әйелдерде болатын асқынулардың алдын алу және өңірдің шалғай ауылдарында тұратын аналарды уақтылы, сапалы медициналық бақылаумен қамтамасыз ету.

Пансионатта 10 төсек-орын қарастырылған. Мұнда жүктілік кезінде асқыну қаупі жоғары әйелдер босану уақытына дейін тегін негізде тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында болады. Күнделікті кешенді тексерулер жүргізіледі, ал қандай да бір ауытқу, асқыну белгілері анықталған жағдайда немесе босану процесі басталса, білікті көмек жедел көрсетіледі.

Жоба мынадай артықшылық береді:

шалғай аудандардағы жүкті әйелдер үшін уақтылы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру;
асқынуларды ерте диагностикалау арқылы ана мен бала өміріне төнетін қауіпті азайту;
қажетті медициналық шешімдерді дер кезінде қабылдау;
перинаталдық өлім-жітімді төмендетуге үлес қосу.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мұндай пансионаттар басқа облыстарда да кезең-кезеңімен іске қосылады.

Ұқсас жазбалар

Nvidia енді ауа райын болжайды: Google-ға бәсекелес пайда болды ма?

Nvidia компаниясы ауа райын болжауға арналған Earth-2 платформасын ұсынды. Жасанды интеллект мемлекеттік қызметтермен бірдей дәлдікке…

Instagram-да «көмектесемін» деп 95 млн теңге жымқырған: Астаналық алаяқ 6 жылға сотталды

Астанада өзін ипотекалық брокер ретінде таныстырып, 25 адамнан 95 млн теңгеден астам қаражат жымқырған 30…

Kazakhstan House facade with flag and emblem in London, showcasing diplomacy and architecture.

Asian Affairs: Қаңтар оқиғасы мен Украинадағы соғыс Қазақстанды өзгертті

Беделді британдық Asian Affairs журналы Қаңтар оқиғасы мен Украинадағы соғыстан кейінгі Қазақстанның ұлттық патриотизміне талдау…