Categories Жайық news

Ресей мен Беларусь көліктеріне салық өседі: Утиль алымы екі есеге қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда Ресей мен Беларусьтан әкелінетін автокөліктер үшін кәдеге жарату алымы екі есеге артуы ықтимал, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі осындай өзгерісті көздейтін бұйрық жобасын дайындады. Құжатқа сәйкес, Ресей мен Беларусьтан импортталатын жеңіл және жүк көліктеріне, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасына қатысты утиль алымының мөлшерлемесіне 2 еселік арттыру коэффициентін қолдану ұсынылып отыр.

Бұл мөлшерлемені Ресейде 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап күшіне енетін тарифтермен теңестіру мақсатында жасалып отыр. Ал Қазақстанда құрастырылған көліктерге, сондай-ақ ЕАЭО-дан тыс елдерден, Армения мен Қырғызстаннан әкелінетін техникаға бұрынғы шарттар сақталады.

Ведомствоның түсіндіруінше, бұл өзгеріс ЕАЭО аясындағы өзара саудадағы төлемдер теңгерімсіздігін жойып, бағадағы айырмашылықты пайдалануға жол бермейді. Жобаның басты мақсаты – нарық қатысушылары үшін теңдей жағдай жасау және импорт пен утиль алымы саласындағы саясаттың болжамдылығын сақтау.

Бұйрық жобасы әзірге талқылау сатысында.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

A British soldier is polishing boots indoors, showcasing military routine and discipline.

Жамбылда тағы бір сарбаз қаза тапты: Бас прокуратура елдегі бөлімдерді тексереді

Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі сарбаз қарудан қаза тапты. Бас прокуратура істі жеке бақылауына алып, елдегі…

Алматының лас ауасы: Әр тұрғын жылына 518 темекі шеккенмен бірдей ауа жұтады

2025 жылы Алматыда ауа сапасы 30%-ға нашарлайды деп болжануда. Ластану деңгейі ДДҰ нормасынан 6 есе…

Close-up view of Germany on a colorful world map showing major cities.

Трамптың жаңа талабы: Украина қауіпсіздік үшін Донбасты Ресейге беруі тиіс

Financial Times: Трамп әкімшілігі Украинаға қауіпсіздік кепілдігі үшін Донбасты Ресейге беру шартын қойды. Киев мұнымен…