Жайық өзені бойындағы жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде

Сурет:Орал қ әкімдігі

Орал қаласы маңындағы Жайық өзені бойында бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Бүгін бұл нысандардың құрылыс барысын Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ардагерлер кеңесі өкілдері, қала әкімімен арнайы барып қадағалады.

Өңір басшысы алдымен Орал қаласы, Круглоозерное ауылынан жоғары Жайық–Көшім суару-суландыру жүйесіне су алу құрылымы ауданында Жайық өзенінде жағалауды нығайту жұмыстарын қадағалады. Бұл құрылым облыстың 5 ауданын сумен қамтамасыз ететін маңызды гидронысан болғандықтан, Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесінің бөгетсіз су алу аймағында өзен жағасын шайып кетудің алдын алу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында қолға алынды. Жоба аясында ұзындығы

1,928 км болатын жағалау бөлігі бекітіледі.

Жобаны 2026 жылдың маусым айына дейін аяқтау жоспарланған.

Одан кейін облыс әкімі Орал қаласы, Жайық өзені жағалауын Чичерная көшесінен Шамсудинова көшесіне дейін бекіту жұмыстары және Жайық өзені Шамсудинова көшесінен кемежайға дейін жағалауды бекіту жұмыстарын қадағалады. Жайықтың дәл іргесінде орналасқан аумақтар тұрғын үй көп және су тасқыны қаупі жоғары аймақ саналады. Осы қауіптің алдын алу мақсатында биыл жаз бойы жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жобалар өзен арнасының тұрақтылығын қамтамасыз ету, 300-ден астам тұрғын үйді ықтимал апаттардан қорғау мақсатында қарастырылған.

Жағалауды бетонмен бекітіп қана қоймай, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындардың жағада қауіпсіз әрі ыңғайлы жүруіне жаяу жүргіншілер жолы жасалып жатыр.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапары барысында мердігерлерге нақты тапсырмалар беріп, аталған жобалардың сапалы әрі уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болатынын атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Астанада LRT пойыздары сынақтан өтті: неге уақытша тоқтады?

Астанада LRT пойыздары мен жүйелерінің сынағы аяқталды. Қозғалыс уақытша тоқтатылды – себебі сынақ нәтижелерін талдау.

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны алғаш рет ұшырылды: бұл не үшін маңызды?

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны алғаш рет ұшырылды. Бұл «Бәйтерек» жобасы аясындағы тарихи оқиға және Қазақстанның ғарыш…

Мамырда қанша күн демаламыз? Мереке күндерінің тізімі

Мамыр айында қазақстандықтар 5 рет қосымша демалады: Бірлік күні, Отан қорғаушы күні, Жеңіс күні және…