Categories Жайық news

ДАРИЯН АУЫЛЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ЖОЛ АШЫЛДЫ

100 жылдан астам тарихы бар Дариян ауылында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған кешен болмаған еді. AMANAT партиясы осы мәселені назарға алып, бүгінде жаңа спорт нысаны пайдалануға берілді. Бұл ауыл тұрғындары үшін ұзақ күткен сәт болды.

Батыс Қазақстан облысының Дариян ауылында бой көтерген ғимарат партияның сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Жаңа нысан 150 адамға арналған және барлық заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған: әмбебап ойын алаңы, фитнес, күрес, тренажер, жаттығу залдары, сондай-ақ 150 орындық көрермендер залы бар. Енді ауыл жастары бос уақытын тиімді өткізіп, кәсіби спортқа қадам баса алады.

Бұдан бөлек спорт кешені жергілікті тұрғындардың денсаулығын нығайтуға, балалар мен жастарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыруға бағытталған. Ашылу салтанатына ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер қатысты.

«Бұрын бізде спортпен шұғылданатын арнайы ғимарат болмаған еді. Енді үлкен спорт кешені ашылып, балаларымыздың болашағы үшін алаңдамайтын болдық», – деп бөлісті Дариян ауылының тұрғыны Жақсыбек Көптілеу.

Спорт нысаны тек жастар үшін емес, барлық жастағы ауыл тұрғындарына қолжетімді. «AMANAT»партиясы мен жергілікті әкімдік бірлесіп, ғимараттың құрылыс жұмысы сапалы орындалуына бақылау орнатқан.

«Бұл кешен ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартып қана қоймай, қоғамда спортқа деген қызығушылықты арттырып, дарынды жастардың кәсіби спортқа қадам басуына жол ашады»,  – дедіпартияның облыстық филиалы төрағасы Мұрат Мұқаев.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында 2023 жылдан бері жалпы сыйымдылығы 1520 орындық 7 спорт нысаны ашылып, пайдалануға берілді. Бұл өңірде бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындардың денсаулығын нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.

#aa

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы…

БҚО-да Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толуына орай «Ұмытылмас ерлік» еске алу шарасы өтті  

1986 жылғы 26 сәуірде орын алған Чернобыль апаты әлем жұртшылығы үшін ауыр сабақ болды. Қауіпті…

Трактормен полициядан қашқан жүргізуші ұсталды: не болды?

Батыс Қазақстан облысында трактор жүргізушісі полиция тоқтатқанда бағынбай, қашуға тырысқан. Ол ұсталып, қамауға алынды.