Categories Жайық news

ХҒС-та төтенше жағдай: SpaceX кемесі астронавтың ауруына байланысты шұғыл Жерге оралуда

SpaceX компаниясының Crew Dragon кемесі Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) шұғыл түрде Жерге бет алды. Бұған экипаж мүшелерінің бірінің денсаулығының кенеттен сыр беруі себеп болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Reuters мәліметінше, бортында төрт адамы бар капсула ғарыш станциясынан ажырап, орбитадан түсе бастады. Жерге оралу сапары шамамен 10,5 сағатқа созылады деп жоспарланған. Содан кейін аппарат Калифорния жағалауындағы Тынық мұхитына қонады.

Crew-11 миссиясының экипажы ХҒС-қа өткен жылдың тамыз айында келіп, орбитада 167 тәулік бойы жұмыс істеген. Оның құрамында америкалықтар Зена Кардман мен Эдвард Финк, жапониялық Кимия Юи және ресейлік Олег Платонов бар.

Экипажды жоспарланған мерзімнен бірнеше апта бұрын қайтару туралы шешім 8 қаңтарда жарияланды. Бұл – АҚШ-тың Ұлттық аэроғарыш агенттігі (NASA) тарихында денсаулыққа байланысты төтенше жағдай үшін ХҒС миссиясын тоқтатқан алғашқы оқиға.

NASA өкілдері құпиялылықты сақтау мақсатында сырқаттанған экипаж мүшесінің аты-жөнін және аурудың сипатын жария етпеді.

NASA-ның бас дәрігері Джеймс Полктың айтуынша, денсаулыққа қатысты мәселе миссия кезінде алынған жарақатпен байланысты емес.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Жаңа Конституция қабылдана ма? Тоқаевтың реформасы билік құрылымын түбегейлі өзгертпек

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Қазақстандағы конституциялық реформаның ауқымы жаңа Конституция қабылдаумен тең екенін мәлімдеді.

Астанада – ақ боран, Шымкентте – көктем исі: Еліміздің үш қаласында ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Астанада аяз бен боран, ал Шымкентте…

Оралдағы шұжық цехында 40 жастағы жұмысшыны станок қысып мерт қылды

Оралдағы кәсіпорындардың біріндегі шұжық цехында қайғылы оқиға болды. 40 жастағы жұмысшыны станок қысып, ол оқиға…