Categories Көңіл ашар

Елордада Ресей мәдениет күндері өтті: гала-концерт жиналғандарды тамсандырды

Астанада Ресей Федерациясының мәдениет күндері салтанатты түрде ашылды. Шара аясында өнер шеберлерінің ауқымды гала-концерті өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталған бұл іс-шара екі елдің мәдениеті мен өнерін таныстырудың маңызды алаңына айналды. Концертте ресейлік және қазақстандық әртістер бірге өнер көрсетті.

«Мұндай шаралар халықтар арасындағы достықты нығайтып, мәдени алмасуға ықпал етеді», – деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі.

Мәдениет күндері бағдарламасында тағы бірқатар көрмелер мен шығармашылық кездесулер жоспарланған. Шара бірнеше күнге созылады.

Ұқсас жазбалар

Euronews академиясы Астанада журналистерге шеберлік сабағын өткізді

Астанада Euronews Academy, MDQ қоры және Maqsut Narikbaev University бірлесіп ұйымдастырған «Медиа технологиялар» курсы аяқталды.

78 жастағы белгілі дәрігер Бақыт Түменова өмірден өтті

Белгілі дәрігер, қоғам белсендісі Бақыт Түменова 78 жасында қайтыс болды. Ол «Аман-саулық» қорының президенті еді.

«National Geographic Qazaqstan» 10 жылдығына орай елшілерін таңдады

Елордада «National Geographic Qazaqstan» журналының 10 жылдығына орай елшілер анықталды. Басылымның қазақстандық нұсқасына биыл 10…