Categories Жайық news

Батыс Қазақстан облысында жылына 130 мың тонна метанол өндіретін газхимия кешенінің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданының Белес ауылдық округінде қуаттылығы жылына 130 мың тонна болатын метанол өндіретін газхимия кешенінің құрылысы ресми түрде басталды. Жоба аясында капсула салу салтанаты өтті.

Бұл еліміздің газ-химия саласындағы стратегиялық маңызды жобаларының бірі. Кешенді салу бастамасын Zhaik Petroleum LTD компаниясы қолға алған.

Метанол – заманауи химия өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Ол пластмасса, бояу, дәрі-дәрмек, тұрмыстық және өндірістік химия өнімдері мен экологиялық таза отын өндірісінде кеңінен қолданылады.

Инвестиция көлемі 78,8 млрд теңгені құрайды. Жобаның өндірістік қуаттылығы – жылына 130 мың тонна метанол. Кешен толық қуатына 2027 жылы шығарылады. Құрылыс пен іске қосу кезеңінде 467 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Салтанатты шараға қатысқан Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жоба аймақ үшін ғана емес, ел экономикасы үшін де маңызды екенін атап өтті:

«Қазақстан Республикасының Президенті өз Жолдауында өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар тарту мен жоғары технологиялық өндірістерді дамыту – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі екенін айтқан болатын. Бүгін еліміздегі ең ірі метанол кешенінің құрылысы басталып отыр. Бұл жоба облысымызда 470-ке жуық жаңа жұмыс орнын құрып, 2027 жылы толық қуатына шығады», – деді өңір басшысы.

Метанол өндірісін іске қосу Қазақстанның технологиялық тәуелсіздігін арттырып, газ ресурстарын терең өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жоба өңірдің экономикалық өсіміне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және жергілікті бюджет кірістерінің артуына ықпал етеді.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев Үкіметке шүйлікті: «Кадрлық шешім қабылдауға тура келеді»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен "Самұрық-Қазына" қорының жұмысын қатаң сынға алып, бірқатар саладағы кемшіліктерді атады.

Тоқаев: Неке – еркек пен әйелдің одағы, бірақ басқа көзқарас үшін қудалауға жол жоқ

Президент Тоқаев некені ер мен әйелдің одағы ретінде заңмен бекітуді, бірақ өзге көзқарастағы адамдарды қудаламау…

Тоқаев Қызылордада V Ұлттық құрылтайды бастады: Күн тәртібінде не бар?

Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен V Ұлттық құрылтайдың отырысы басталды. Жиында маңызды мәселелер…