Miss Qazaqstan-2025 байқауының жеңімпазы анықталды

Сурет: Stan.kz

Алматыда өткен ұлттық сұлулық байқауының финалында биылғы жылдың бас жүлдесі шымкенттік Алина Риге бұйырды. Финалға жолдама алған 20 қатысушы негізгі тәж үшін бақ сынап, қорытынды кезеңде әділқазылар Қазақстанды халықаралық аренада таныстыратын аруды таңдады.

Жаңа Miss Qazaqstan – Алина Ри бала кезінен би өнерімен айналысып келеді, модельдік салада тәжірибесі бар және заңгер мамандығын меңгерген. Ол енді әлемдік деңгейдегі сұлулық байқауларында Қазақстанның атынан өнер көрсетеді.

Байқау барысында өзге де атақтар иегерлері анықталды:

— Miss People’s Choice — Алина Нурахметова

— Вице-мисс Қазақстан — Дильназ Сарсенбай

— Екінші вице-мисс — Камила Даулетова

— Miss Earth Kazakhstan — Шадияра Байкенова

— Miss Grand Kazakhstan — Анель Емел

 

Ұқсас жазбалар

Астанада мектеп бітіру кеші 18 маусымда өтеді

Астанада 18 маусымда мектеп бітіру кеші өтеді. Әкімдік қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертті.

Астанада ойыншық автоматпен қорқытқан қызға айыппұл салынды

Астанада аялдамада ойыншық автоматпен адамдарды қорқытқан қызға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Конституция күніне орай екі күн демалыс беру мәселесі қарастырылуы мүмкін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Конституция күніне байланысты демалыс күндерінің санын көбейту…