Categories Саясат

Песков: «Зеленский Қазақстанды атады, бірақ Путин Мәскеуде күтеді»

Сурет: ашық дереккөз

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина басшысы Владимир Зеленскийдің Владимир Путинмен Қазақстанда кездесу өткізу туралы ұсынысына пікір білдірді.

Песковтың айтуынша, Украина тарапы көптеген елдерді атаған, бірақ олардың көпшілігі Ресей үшін қолайсыз.

«Украиндар түрлі ұсыныстар жасады, көптеген елдердің атын атады. Алдымен Қазақстанды емес, біз үшін мүлде қолайсыз мемлекеттерді атаған», – деді ол 24 қыркүйекте Радио РБК-ға берген сұхбатында.

Песков Швейцария мен Австрияны мысалға алып, бұл елдердің енді Ресей үшін бейтарап емес екенін айтты.

«Путиннің сөзі айқын: кездескілеріңіз келсе, Мәскеуге келіңіздер. Біз барлық кепілдікті береміз», – деді ол.

Ұқсас жазбалар

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас…

Парламент палаталары 15 мамырда бірлескен отырыс өткізеді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын 15 мамырға шақырды.

Қазақстанда үш жаңа орден енгізіледі: Мәжіліс заң жобасын мақұлдады

Парламент Мәжілісі үш жаңа орден енгізу туралы заң түзетулерін қабылдады. Жаңа наградалар ерекше еңбек еткен…