Categories Әлем

Иранда 200 мың литр контрабандалық жанармай тасыған бес кеме ұсталды

Иранның шекара қызметі Парсы шығанағында контрабандалық жанармай тасымалдаған бес кемені ұстады. Оларда 200 мың литрге жуық жанармай болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ирандық күш құрылымдарының мәліметінше, кемелер жанармайды заңсыз әкетуге әрекеттенген. Ұсталған кемелер мен жүк тәркіленіп, 11 адам ұсталды.

«Контрабандашылар жанармайды көрші елдерге сатуды көздеген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», — деді Иран шекара қызметінің өкілі.

Бұл Ирандағы жанармай контрабандасына қарсы кезекті ірі операция. Елде жанармай бағасының төмендігіне байланысты контрабанда жиі кездеседі.

Ұқсас жазбалар

Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды: круиздік кемедегі әйел

Францияда алғаш рет хантавирус жұқтырған адам анықталды. Бұл – круиздік кемеде болған франциялық әйел.

Хантавирус жұқтырған лайнер жолаушылары АҚШ-қа жеткізілді

АҚШ-қа хантавирус жұқтырған круиздік лайнерден 17 америкалық жеткізілді. Олардың бірінің сынамасы инфекцияны растады.

Астанада бірнеше автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді

Астанада жол жөндеуге байланысты бірнеше автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Тұрғындарға жаңа бағыттарды алдын…