Орал жолдарында 10 мобильді көлік бақылау кешені іске кірісті

Бұл кешендер көліктерге орнатылып, жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды автоматты түрде анықтайды. Он кешеннің бесеуі жасырын көлік бақылау кешендері екенін айтқан ләзім. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлады.

2025 жылдың 4 шілдесінен бастап іске кіріскен кешендердің бесеуі «Кибер-Шерифке» ұқсас, атауы — «Ekin Patrol». Бес кешен жасырын бақылауға арналған, «X-Spotter» деп аталады. Кешендердің төртеуі арнайы түске боялмаған және жанып-сөнетін маяктары жоқ полиция көліктеріне орнатылса, біреуі қалалық автобустардың біріне қойылған. БҚО ПДаталмыш бақылау кешендері қала маңындағы жолдарда, Орал қаласының көшелерінде қолданылып, жылдамдықты белгіленген режимнен асыруды, тоқтау мен аялдау тәртібін бұзуды, қарсы қозғалыс жолағына шығуды автоматты түрде тіркейтінін ескертеді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда Аналар күні: биыл 10 мамырда атап өтіледі

Қазақстанда Аналар күні биыл 10 мамырда атап өтіледі. Бұған дейін қазанда тойланса, енді мамыр айына…

Қазақстанда Аналар күні: биыл мамырдың екінші жексенбісінде тойланады

Қазақстанда Аналар күні 10 мамырда атап өтіледі. Мереке мамырдың екінші жексенбісіне сәйкес келеді. Бұған дейін…

Жангелдиндегі қанды қырғын: Сәрсенәлиевтің ісі сотқа жолданды

Жангелдиндегі қанды қырғынның күдіктісі Нұрлан Сәрсенәлиевтің ісі сотқа жіберілді. Сот отырысы жақын арада басталады.