Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев пен Лавров Ақордада кездесті

Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапары күтілуде. Бұл туралы Ақордада өткен кездесуде Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Лавровты қабылдап, екіжақты ынтымақтастықты талқылады. Кездесу барысында Путиннің алдағы сапарының күн тәртібі де қаралды.

«Ресей президентінің Қазақстанға сапары – екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейін көрсетеді», – деді Лавров.

Тараптар экономика, энергетика және мәдениет салаларындағы бірлескен жобаларды да пысықтады. Сапардың нақты күні әзірге белгісіз.

Ұқсас жазбалар

Тарихи ескерткіштерді бүлдіргендерге 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі

ІІМ тарихи ескерткіштерді бүлдіргендерге 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертті.

Астанада көпқабатты үйден өрт шықты: тұрғындар эвакуацияланды

Астанадағы көпқабатты үйден шыққан өрт салдарынан тұрғындар эвакуацияланды. ТЖМ құтқарушылары тілсіз жауды тез ауыздықтап, зардап…

Астана аспанында әскери ұшақтар пайда болады: себебі неде?

15 мамырда Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшады. Қорғаныс министрлігі бұл жоспарлы жаттығу екенін мәлімдеді.