Алматыда қарт әйелді ұрған ер адам бұрын адам өлтіргені үшін сотталған

Алматыда қарт әйелді аяусыз соққыға жыққан ер адамның бұрын да ауыр қылмыстар үшін сотталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Күдікті 44 жастағы ер адам бұрын адам өлтіргені үшін 11 жыл бас бостандығынан айырылған. Ол түрмеден босаған соң қайтадан қылмыс жасаған.

Оқиға 5 наурыз күні Алматыдағы аялдамада болған. Ер адам 70 жастағы әйелді бірнеше рет ұрып, ауыр жарақат салған.

«Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды», – деді Алматы полиция департаментінің өкілі.

Қарт әйел ауруханада жатыр, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев NVIDIA өкілдерімен кездесті: Қазақстанда жасанды интеллект дамиды

Президент Тоқаев NVIDIA вице-президентімен кездесіп, Қазақстанда жасанды интеллект дамыту жолдарын талқылады.

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық 8% төмендеді: себебі не?

Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық 8 пайызға төмендеді. Бұл туралы Үкіметте өткен кеңесте белгілі болды.

Премьер-министр дәрі-дәрмек тіркеуін жеделдетуді тапсырды: 1 шілдеге дейін

Олжас Бектенов дәрілік заттарды тіркеу мерзімін 1 шілдеге дейін қысқартуды тапсырды. Бұл отандық фармацевтиканы дамытуға…