Categories Жайық news

Теректі ауданының Ақжайық ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Теректі ауданына қарасты Ақжайық ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Бұл әлеуметтік маңызы зор нысан – ауыл тұрғындары мен жастардың спортпен жүйелі айналысуына қолайлы жағдай жасап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға серпін беретін маңызды жоба.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа спорттық нысанның ашылуымен құттықтады.

Өңір басшысы өз сөзінде спорттың – ұлт денсаулығы мен болашағы үшін мұндай заманауи кешендердің ауылдық жерлерде көбірек ашылуы жастарды бұқаралық спортқа тартуға, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің халыққа Жолдауларында ауылдың әлеуетін арттыру, өңірлерді дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту – ел дамуының басты стратегиялық басымдықтарының бірі екенін үнемі атап өтеді.

Үш мыңға жуық тұрғыны бар Ақжайық ауылында салынған бұл жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені – сол жұмыстардың жарқын нәтижесінің бірі. Заманауи стандарттарға сай бой көтерген нысан ауыл жастары мен тұрғындарына спортпен айналысуға, уақытын тиімді өткізуге және денсаулығын нығайтуға барлық мүмкіндікті ұсынады”,- деді өңір басшысы.

Жаңа спорт кешенінде бокс пен күреске арналған арнайы залдар, заманауи жаттығу бөлмелері, ойын және көпфункционалды спорт алаңдары қарастырылған.

Шара барысында өңір басшысы спортшылармен бірге салтанатты түрде ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.

Ұқсас жазбалар

«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім

Орал қаласында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбында өңірлік…

Суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды: каналдарды тазалау үш есеге өсті

Қазақстанда каналдарды механикалық тазалау қарқыны үш есеге өсіп, суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды.

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…