Өңір басшысы Қаратөбе ауданында болды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Төреғалиев жұмыс сапарымен Қаратөбе ауданына барды. Облыс басшысы алдымен Шөптікөл ауылында құрылыс жұмысы жүріп жатырған мәдени – спорт кешенімен танысып, мердігерге нысанды мерзімінде әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Содан соң, Жусандой ауылдық округінде шаруашылықтардың мал азығын дайындау жұмыстарымен танысты. Ханкөл ауылында демеушілердің қолдауы арқасында жөндеуден өткен ауылдық клубпен танысып, мәдени ошақтың жөндеуіне бір кісідей ат салысқан жергілікті тұрғындар мен демеушілерге өз ризашылығын білдірді. Қоскөл ауылдық округінде болып «Ауыл аманаты» жобасы аясында жұмыстанып жатырған «Қоскөл 2023» АШӨК жұмысымен танысып, алдағы уақытта кооперативтің жұмысын жетілдіру жөнінде жергілікті атқарушы органдарға тиісінше қолдау көрсетуді тапсырды.

 

Ұқсас жазбалар

Орлов шахтасындағы қайғылы оқиға: жұмысшы аман қалмады

27 сәуірде KAZ Minerals тобына қарасты Орлов шахтасында жазатайым оқиға болып, бір жұмысшы қаза тапты.

Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына сот үкімі шықты: онлайн-алаяқтық

Астанада танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот үкімі шықты. Олар онлайн-курстар мен…

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды: не өзгереді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше маңызды заңға қол қойды. Бұл құжаттар елдегі түрлі салаларға өзгеріс әкеледі.